Қанатын ғайып жақтан жайып қонған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қанатын ғайып жақтан жайып қонған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 599
Қанатын ғайып жақтан жайып қонған,
Қона сап заматында ғайып болған,
Көзiмнен бал-бұл ұшқан, көкешiм-ау,
Өзiңе ендi кiм бар лайықталған?
Ешкiм жоқ!
Жүретұғын айырбасқа,
Бар болса жасын соғып, жай ұрмас па?!
Айрылып қалған сəулем... құлдығымен
Қайрылып қайтедi екен қайырласса?..
Қайрылып қайтедi екен бiр көрiнсе,
Түсiме түн жамылып кiргенiнше?..
Тас екеш тас та сайрап кетер едi-ау,
Сəулешiм бiр көрiнсе.., тiл берiлсе!
Қалайша ұмытайын қас қағысын?!
Жан құрбан – жанардан нұр шашқаны үшiн!
Жапаннан жай таппаған жаңғырықтай
Аралап кетсем бе екен аспан iшiн?..
Төңкерiп тастағанда тостағанын,
Қараудан қалмап едi-ау басқа амалым.
Үкiдей үлпiлдеген төс, тамағын
Қайтерсiң қос бүршiктiң қостағанын!
Қайтерсiң көз алдыңнан ғайып болса,
Хал бiлiп,
Жөн сұрасып,
Жай ұққанша...
Қайран-ай, арман бар ма, сол ғайып құс
Қанатын жерге қайта жайып қонса?!.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қанатын ғайып жақтан жайып қонған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қанатын ғайып жақтан жайып қонған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қанатын ғайып жақтан жайып қонған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қанатын ғайып жақтан жайып қонған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері