Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең,
Көптен берi көтерiлмей жүр еңсем.
Аллаға мың шүкiршiлiк айтар ем,
Ауруымнан айықтырып жiберсең.
Көңiлiмде – көбiк көшкiн, күрең сел...
Бүгiн тағы көтерiлмей тұр еңсем.
Жүзiң жылып,
Жiбiр ме едi жүрегiң,
Жiбек жiптен өлең тоқып, жыр өрсем?
Жырың жұмбақ,
Түрiң қымбат...
Кiм ең сен?
Тiлегiмнен табылар ма ең, тiленсем...
Қара жолда қаңғып жүрiп,
Қайтер ең,
Қасың менен қабағыңа тiрелсем?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезi мезгiл меңдеп менi бiр өңшең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері