Кеш түледім – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кеш түледім» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Кеш түледім,
Кеш тудым,
Кеш жетілдім...
Бейнеті көп бірімін бес жетімнің.
Бес жетімнің біреуі – Далам жетім,
Арнасынан айрылған Арал жетім.
Бес жетімнің біреуі – Көлім жетім,
Аққуынан айрылған келім-кетім.
Бақыр құрлы құны жоқ күнім жетім,
Пақыр құрлы үні жоқ түнім жетім.
Бес жетімін жетелеп Тағдыр-Ана,
Келешекке аманат қалдыра ма?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеш түледім өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кеш түледім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеш түледім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеш түледім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері