Індет – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Індет» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Қазақта кім ішпеген бұл арақты..,
Қайтеміз жаттан іздеп кінəратты?
Шөлмегін қолындағы шошаңдатып,
Бір тойда бір қария «уралапты».
Ақаңа қанып алып көл-дария,
«Алға!» деп аттандапты сол қария.
...Жыландар жықпылына айналған ба,
Қырандар бір кездегі салған ұя?..
Көргендер көнекөздің өнегесін,
Немере, неменеге не демесін...
Құдай-ау, қашан, қазақ, көгересің?
Құдай-ау, қашан, қазақ, көбейесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Індет өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Індет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Індет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Індет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері