Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам,
Көрiктiм, таба аламын сенi қайдан?
Тəрк еткен Перiштедей пенде жұртын
Алыстап кетесiң-ау сен де бiр күн…
Қай жаққа сонда қарап телмiрермiн?
Көнермiн,
Көксей-көксей көндiгермiн.
Жалғыздан-жалғыз қалған сорлы басым,
Отырар шертiп шерлi домбырасын.
Ұласар қоңыр əуен қоңыр мұңға,
Сен анда,
Өксiгi мол өмiр мұнда…
Көрсетпей көз жасымды тiрi жанға,
Ұқсармын Айға қарап ұлығанға.
«Қош, жаным,
Қош, жананым, қош ендi» деп
Жетiм мен жесiр күйiн кешер жүрек.
Қайтейiн, тағдырымды қарғайын ба? –
Мен – Жерде,
Сен жатарсың жар қойнында.
Жаратқан,
Өзiң ғана жар боларсың,
Жаза алмай жазым болсам жан жарасын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көмескi тартқан шақта көңiл-айнам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері