Шықпайды деп ойлама жастан дана – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Шықпайды деп ойлама жастан дана» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1126
Шықпайды деп ойлама жастан дана,
кәрі-жасы болмайтын тастар ғана.
Миы да жоқ, ойы жоқ шалдар қанша
басын бұлдар орап ап ақ шалмаға.
Ұқсап соғыс жылдағы басқармаға,
ел сыйлайды екен деп аспандама.
Ел сыйлайды сатусыз, құн дәметпей
мейіріміңді сен оған шашсаң ғана.
Қасиетті болса адам, асқан дана,
"Мен - әулие, - демейді, - жастар – бала".
Дана болсаң, басыңды и ұлылыққа,
мынау үлкен-кіші деп жас таңдама!
1993


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шықпайды деп ойлама жастан дана өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Шықпайды деп ойлама жастан дана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шықпайды деп ойлама жастан дана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шықпайды деп ойлама жастан дана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері