Туралықтан қалайша тұра қашам? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Туралықтан қалайша тұра қашам?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 547
Туралықтан қалайша тұра қашам?
Жаза басып, жасадым күнə қашан?
Ғұмырымнан не хабар-ошар қалар,
Тұғырымнан құласам, тұраласам?
Өлі менен тірінің арасында
Өмір кешсем, кімменен кінəласам?
Жер шектелер теңізбен, құрлықпенен...
Емшек берер кім маған, жыламасам?!
Қырық құрау, жүз жамау жүрегім-ау,
Сəл нəрсеге алданып, жұбана сал...
Несібемнен тиесі құр қалармын,
Құдайға да құлқыммен құламасам.
Төрдегі орным көрінер тұманданып,
Сыртта тұрып, есіктен сығаласам.
Елдегі орным көрінер, ерте есейіп,
Егделердің ішіне сыналасам.
«Адам ұлы бол» деген ата сөзге
Енді қашан, құдай-ау, құлақ асам?
Бүгін өмір сүрудің керегі не,
Ұрпағыма ертеңгі ұнамасам?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туралықтан қалайша тұра қашам? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Туралықтан қалайша тұра қашам? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туралықтан қалайша тұра қашам? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Туралықтан қалайша тұра қашам? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері