Отаныңа қызмет ет – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Отаныңа қызмет ет» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3084
– Отаныңа қызмет ет!
Қызмет ет Отанға!
Балам, саған осы менің бұйрығым да, батам да!
Қатардағы солдат болу жүру емес қатарда,
Қатарды құр көбейткеннің қатарында атанба!
«Қатарыңнан оз» дер едім, оған көзім жетер ме,
Оза алмасаң, озбай-ақ қой, тек алқынба бекерге.
Туған жерді мен сияқты түк қалдырмай арала,
Бара алмасаң, бармай-ақ қой, мен бармадым шетелге.
Мен жимадым, жинамасаң, жинамашы дүние,
Мен сияқты оны өзіңнің жеңдір көңіл-күйіңе.
Мен сияқты кеш оралма келініме, үйіңе,
Жан жарымдай жарың болса-ау көнтұғын иіңе.
Мен сияқты, мен сияқты...
(Мен кімге үлгі болып ем),
Жүрдім бірақ Отанымның сүрлеу, соқпақ жолымен.
– Отаныңа қызмет ет! Қызмет ет Отанға!
Осы ұранға рухтан да, осы ұранға тебірен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Отаныңа қызмет ет өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Отаныңа қызмет ет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Отаныңа қызмет ет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Отаныңа қызмет ет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері