Қожанасыр әулиедей

Бұл бетте «Қожанасыр әулиедей» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 617
Тірлігімді талатпаққа екі өкпесін зар қысқан,
Босағама қабаған ит байлап кетті сан дұшпан.
Сыртқа шықсам алдарқатып сүйек­саяқ тастаймын,
Мысық пенен тышқандаймыз күндіз­түні аңдысқан.
Қызыл көзді қығаныштың көре­көре қастығын,
Қаңғырып жүр айдалада зәтте болған жастығым.
Күздің қара суығына иек артқан өмірім,
Абыржыған егіншідей жинай алмай астығын.
Ұрынарын ұғатындай ұли соққан боранға,
Мөңірейді жалғыз торпақ азынаған қорамда.
Мұратыма жете алам ба мал мен жанды баққанмен,
Кең дүниеге көз суарып, тебіренейін онан да.
Қожанасыр әулиедей қоржын теңдеп ақылдан,
Есек мініп жолға шықтым таңнан тауық шақырған.
Қай тарапқа бастасаң да, пәруәрдігер, өзің біл,
Итпегіңе көнген құлда басқа сөз жоқ «мақұлдан».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қожанасыр әулиедей өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қожанасыр әулиедей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қожанасыр әулиедей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қожанасыр әулиедей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері