Кiм екен екеумiздi дуалаған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кiм екен екеумiздi дуалаған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 692
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Ит қосып «Итжеккенге» қуалаған?
Хат жазып Алла атынан ақ қағазға
Күпiр деп, күнəлi деп куəлаған?
Кiм екен екеумiздi дуалаған
Арасын ақ-қараның сұрамаған?
Еңсесiн елес құрлы тiктей алмай,
Есiктiң аржағынан сығалаған?
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Аңдаусыз арамызға сыналаған?
Пейілiне пенделiктiң нендей шара,
Қимаған қылдай қызын мына маған?!
Кiм екен екеумiздi дуалаған?
Өзiмнен өзге ешкiмдi кiнəламан.
Құдай хақ,
Перiште пəк..,
Жан бар ма екен
Жалғанда құламаған, жыламаған?..
Кiм екен екеумiздi дуалаған,
Ит қосып «Итжеккенге» қуалаған?
Шүбəсiз, əмбеге аян бiр ақиқат –
Күнəсiз туды дейсiң кiм анадан!..
…Кiм екен екеумiздi дуалаған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кiм екен екеумiздi дуалаған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кiм екен екеумiздi дуалаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кiм екен екеумiздi дуалаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кiм екен екеумiздi дуалаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері