Этнографиялық өлең – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Этнографиялық өлең» атты Исраил Сапарбай жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1009
Талға байлап күреңдi, салдым жемдi.
Тұлпарымның шашасын шалғын көмдi.
Ерттеп алып атымды ен даламен
Еркетайдың аулына барғым келдi.
Еркетайдың ауылы есен бе екен,
Ерте көктем еңiске көшер ме екен?
Жүрегiме жасырған жұмбағымның
Жүгермек қыз шешуiн шешер ме екен?
Бүгiн Айдың нешесi, он бесi ме?
Кербезiмнiң қылығы келдi есiме:
Жүрегiмдi еркiне берiп ем-ау,
Жүгенiмдi ұстатып жеңгесiне.
Батып-шығып бұлттың қалыңына
Жарытпаған Ай сонда жарығына.
Қайраңдағы балықтай тулап едi-ау
Қайран жүрек сыймастан қалыбына!
Атқақтап тұр тағы да сол жүрегiм
Алдын ала сезгендей жол жүрерiн.
Еркетайды есiме алған сайын
Емешегiм үзiлiп, елжiредiм...
Айта берiп қайтейiн бəрiн жұртқа,
Ай да батып барады қалың бұлтқа.
Таңдай жiбiп тiлiнiң шырынына,
Қандай жiгiт қызықпас
Қалыңдыққа?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Этнографиялық өлең өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Этнографиялық өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Этнографиялық өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Этнографиялық өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері