Көңілім сұлулыққа бір қанбады – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көңілім сұлулыққа бір қанбады» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 649
Көңілім сұлулыққа бір қанбады.
Ол мені бірде алдады, бірде арбады.
Көзіме өткен-кеткен елес беріп,
Өзіңе айтылмаған сыр қалмады.
Мінгізді қанатына талай қиял...
Болмаған қыз алдында Абай да ұяң.
Сұлулық – Періште ғой!
Періштені,
Көлденең көк аттыға қалай қиям?!
Кімге сор,
Кімге азап ол,
Кімге бақыт?
Келуін күттірмей ме Күн де батып?
Жетпей ме тұнжыр əннің жанға мұңы,
Сеппей ме түңгі жаңбыр гүлге жақұт?
Желбегей желкенімді желге жайып,
Өмірді іздей-іздей ең ғажайып,
Жалғаннан жай таппаған жиһангездей,
Болармын бір күндері мен де ғайып...
Сұлулық ғайып болмас, мен кеткенмен,
Мезгілсіз жаныңды мұң меңдеткенмен.
Бұйырмай періштелік пешенеге,
Басынан қилы күнді пенде өткерген.
Сұлулық,
Періштелік –
Егіз ұғым,
Жарасқан жан мен тəннің негізі бұл!
Бір мысқал екеуінен кем көрмеймін,
Жүректің саған деген лебіз, үнін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім сұлулыққа бір қанбады өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көңілім сұлулыққа бір қанбады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім сұлулыққа бір қанбады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім сұлулыққа бір қанбады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері