Жолаушы – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жолаушы» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 803
Бұл өмірге кім келіп, кім кетпейді...
Қанатты құс, қар жауса, дірдектейді
Қанжығасын қандаған жолаушыдай
Белден асып бесінге Күн беттейді.
Көз ұшында Жолаушы бұлдырайды...
Тілден қалған сағатты кім бұрайды?
Жүресінен жүгімен шөккен Нардай
Көкжиекке күрсініп Күн құлайды.
Күн құлады,
Жо-жо-жоқ!
Күн жылады!..
Сағат тілі тоқтады, жылжымады.
Жұлдыз жетім,
Ай жесір,
Аспан мұңлық...
Төбе мүлгіп,
Тау қалғып, тұнжырады.
Көп жылайсың, көз жасым,
Көп құрғайсың...
Көл түбіне шым батты-ау өткір қайшым.
...Қадыр болып кетіп ең жолаушылап,
Қыдыр болып...
Қыдырып кеп тұрғайсың!..

22.01.2011.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолаушы өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жолаушы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолаушы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолаушы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері