Сен менi тұсаулама, тұсаулама – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен менi тұсаулама, тұсаулама» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 618
Сен менi тұсаулама, тұсаулама,
Жүрмейдi кiсенделiп кiсi аулада.
Сенiкi – секемшiлдiң сергелдеңi,
Менiкi – сал-серiге ұсау ғана.
Жүрейiн емiн-еркiн аз ғана күн,
Дүние көп көрмесе əз қонағын…
Мен өзiм болмашыға бордай босап,
Мен өзiм болмашыға мəз боламын.
Тұсама,
Тұмшалама,
Еркiмдi бер.
Басыма бұлт қонса, серпiп жiбер!
Жағыңды бiр ауыз сөз қарыстырып,
Жаныңды бiр ауыз сөз желпiндiрер.
Ақынмын –
Үйде бала, тұзде дана.
Дүние қараң қалмас бiзге бола.
«Құлыным,
өкпе-бауыр,
жұлыным…» деп
Жұмақта жүрген шығар iздеп Ана…
Барам ғой…
Бармағанда қайда барам?
Жанымды дерт қалды ма жайламаған:
Шығады кейде даусым айналадан,
Шығады кейде даусым айдаладан.
Кетем ғой…
Кетпегенде қайда барам,
Көзiмнен бал-бұл ұшса Лəйла-ғалам.
…Пақырға пайымсыз да патшасынып,
Тақырда тағалы ат та тайғанаған.
Сен менi тұсаулама, тұмшалама,
Тұрғанда көз алдымда мұнша дала!
Айдын да Алласына шүкiр айтар,
Аспанда ұшып жүрсе бiр шағала.
…Сен менi тұсама да, тұмшалама!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен менi тұсаулама, тұсаулама өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Сен менi тұсаулама, тұсаулама өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен менi тұсаулама, тұсаулама өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен менi тұсаулама, тұсаулама өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері