Көк көйлек – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көк көйлек» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1304
Көктемде мынау көңілден көшсін қаяу-мұң,
Көк көйлегіңді киіп бір шықшы, аяулым.
Көк белмен көшіп, көкжиек асып кетейік,
Бетке алып біздер тамаша, думан, той аулын.
Даланың жасыл жоны мен қия қырқасын
Бозторғай – көңіл бозым бір шақта
шырқасын.
Көгілжім жиек көрсетпей бөгде көздерге,
Көгілдір мұнар құшағына алып қымтасын.
Талықсып кетіп таң алды көрген түстердей,
Көк көйлек киіп көгілдір көктен түс көлбей...
Шуағы – шашу шадыман шаңырақ ішінде
Шалқиық бір сəт шаттықтан шарап ішкендей!
...Есіңде бар ма сонау бір жылғы той кеші,
Мазалы мамыр, ажарлы ауыл бейнесі?
Көк көйлек киіп көлеңдеп жүрген өзіңдей
Көгілдір көктің көз тартып еді-ау кеудесі!
Аңсарым ауып ажарыңа айдай толысқан
Мен сонда, жаным, өзіңмен алғаш танысқам.
Көк көйлек киіп көп қыздан бөлек сен тұрдың
Түскендей болып ғайыптан, көктен, ғарыштан.
Айырған мені ақылдан,
естен,
еріктен
Көк көйлегіңмен көрінбей жүрсің неліктен?
Еркелей қалсаң – аумай қалушы ең еліктен,
Елжірей қалсаң – еңлік гүлдей көрікті ең...
...Көктемде мынау көңілден көшсін қаяу-мұң,
Көк көйлегіңді киіп бір шықшы, аяулым.
Көк белмен көшіп, көкжиек асып кетейік,
Ішіне еніп көгілжім тартқан бояудың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк көйлек өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көк көйлек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк көйлек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк көйлек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері