Мен сенi, қалқам, ұнатып қалдым – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мен сенi, қалқам, ұнатып қалдым» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1139
Мен сенi, қалқам, ұнатып қалдым
Ақшулан тартқан басыммен.
Жан-жүрегiмдi жылатып та алдым
Жүзiмдi жуған жасыммен.
Кiрпiктен тамған тамшыларыммен
Ұнатып қалдым, не iстейiн?
Үргедек, үркек таң шуағымен
Үйлесер ме екен кешкi ойым?
Сауырын бұлттың сəуiр айында
Аптай ма алтын жалқыным?
Салбөксе самсоз сарыуайымға
Салмашы менi, жарқыным.
Iшiңнен, бəлкiм, сөгерсiң менi,
Əлдекiм шықпай есiңнен...
Көңiлiмнiң аппақ көгершiндерi
Дəн терсе деп ем төсiңнен...
Адастым ай мен күн арасында,
Дауысым құмда құмығып.
Құлқыңмен менi құп аласың ба,
Бейiлiң бермен бұрылып?
Өмiрге өткен өкпелi едiм,
Жастық шағымды жаулаған.
Жанымда жүршi, көктемiм менiң,
Еркiмдi ессiз баураған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен сенi, қалқам, ұнатып қалдым өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мен сенi, қалқам, ұнатып қалдым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен сенi, қалқам, ұнатып қалдым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен сенi, қалқам, ұнатып қалдым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері