Алаң – теңіз, адам – толқын
Бұл бетте «Алаң – теңіз, адам – толқын» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызыл алаң!
Тас көше түзу кеткен,
Қызыл нұр қыз жүзінде сызылды еппен
Жұлдызы Кремльдің жарқыраса,
Москва құшағына қызу жеткен.
Тынбайды жұрт ағылып текше жерде,
Есеп жоқ тықылдаған өкшелерде.
Алаулап бара жатыр алуан жүздер,
Жарасып еркелігі өскен елге.
Шырағы Кремльдің жағылғанда,
Құбылар ұқсап меруерт,
Лағылдарға.
Қарашы,
Адам - теңіз,
Адам — толқын,
Ерсілі-қарсылы боп ағылғанда.
Әкелсе мұнда бастап түзу көше,
Шомылар шұғылаға жүзің неше.
Шып толған бейбіт күннің шуағына
Секілді Қызыл алаң –
Қызыл кесе.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі