Баяғы баққа – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Баяғы баққа» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1273
Баяғы баққа барайық бүгін,
Баяғыны еске алайық, күнім.
Жеңілдер ме екен, жеңілдер ме екен
Көп айып, мінім, көп айып, мінім...
Баяғы терек, баяғы бұтақ
Тұр ма екен, қалқам, бояуы жұтап?
Тағдырдың желі кеткен жоқ па екен
Байламын үзіп, баянын отап?
Баяғы шықтар, баяғы мүктер –
Байлаған бізді аяулы жіптер.
Қимастықпенен бір-бірімізге
Аялау менен аяуды жүктер.
Баяғы түбір болғанда шынар,
Баяғы гүлдер солған да шығар.
Өткеннің бәрін, кеткеннің бәрін
Табиғат дейтін жалған жасырар.
Сен менен бірақ жасырма түкті,
Сені ойлай-ойлай басым қатыпты.
Сенімен өткен бір минутымды
Айырбастаман ғасырға тіпті.
Баяғы баққа келсеңші бүгін,
Баяғы мені көрсеңші бүгін.
Өсіпті баққа еккен шыбығым –
Махаббатыма кеткен шығыным,
Келсеңші, соны көрсеңші, күнім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Баяғы баққа өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Баяғы баққа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Баяғы баққа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Баяғы баққа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері