Титімдей көңіл – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Титімдей көңіл» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1192
Қайғысыз адам қайда бар,
Қайырымсыз хайуан сол шығар.
Қайғысыз емес айналаң,
Араласпай ма ол мұндар?
Түспейді қайғы аспаннан,
Түсің де емес ол сенің.
Жанарды көрсем жас тамған.
Сол деймін жанның өлшемін.
Сол деймін дағы, солықтап
Сонымен бірге жылаймын.
Аламын жігін анықтап
Адамдар менен «құдайдың».
Ашыса жаның адамға,
Адам боп жылай алсаң ғой.
Қашанда, қайсы заманда
Адамдық бақыт сол, сол ғой.
Сол, сол ғой, сол ғой бір қарау,
Көз жасын нарау бір сығып.
Жаны ашығанын бұлдамау –
Титімдей көңіл тіршілік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Титімдей көңіл өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Титімдей көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Титімдей көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Титімдей көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері