Беташар

Бұл бетте «Беташар» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Келін келді – көріңдер,
Көрімдігін беріңдер.
Келін көрем дегендер,
Кәне, маған еріндер.
Бал шырынды құйындар,
Шашуды да төгіндер.
Босағаға иірілмей,
Бермеңірек келіңдер.

Қалықтасын жыр ғана,
Қызықтасын гүл – дала,
Жеті қырдан әрі асып,
Жетсін алыс шыңға да.
Алдарыңа келіп тұр
Ақмаралдай бір бала,
Келінжаннан асатын
Көкте жүрген күн ғана.

Сыр алдырма, көмейім,
Сұңқылдап бір қөрейін,
Көктемдегі өзендей
Күмбірлеп, жыр төгейін.
Домбыраны қағайын,

Даусым әлсіз демейін,
Бүгін түскен келіннің
Бетін ашып берейін.
Балбыраған бал келін,
Маған құлақ сал, келін

Жұртың сенің күтіп тұр,
Жатырқама, жан келін.
Қуанышпен өзіңді
Құшақ жайып алды елің,
Жаңа түскен жеріңе,
Жарқ етіп бір, ал, көрін!

Бәрі де тұр елжіреп,
Бәрінің де жоқ есі.
Келініміз келді деп,
Көкке жетті төбесі.
Қариясы, жасы көп,
Қаумалаған бар елге,
Туыстықтың басы деп,
Иіліп бір сәлем де!

Кәрі жүзі нұрлана,
Көгершінім келді деп,
Бауырымдағы бір бала
Бүгін екеу болды деп,
Жүрегі тек жарылмай,
Жүрген шығар әрең де,
Жақсы көрер жаңындай
Жан атаңа сәлем де!

Асқар ала таудайын
Ақ құшағын жая алар,
«Жас ботам» деп әрдайым,
Жүрегіне аялар.
Айтқан сөзі бағалы,
Аяулы жан бар елге,
Жасаураған жанары,
Жан енеңе сәлем де!

Әнін айтар аямай,
Әзіл айтар сырласың,
Мына отырған жағалай
Қатар құрбы-құрдасың.

Көкке бірге самғасын,
Қосыла бір сал әнге,
Олар да енді қалмасын,
Оларға бір сәлем де!

Самал желдей желігіп,
Салған әнім қыр ассын.
Толықсыған келінім,
Тойың тойға ұлассын.
Тауып айтқан барлығын,
Таныстырған әлемге.
Махаббаттың жыршысы –
Маған да бір сәлем де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Беташар өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Беташар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Беташар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Беташар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері