Тау мен төбе – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Тау мен төбе» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 5507
Аспанмен тілдескен,
Жермен бірге өскен,
Биік тауға,
Төбе тіл қатты,
Тау оны тыңдапты:
— Сен биік таусың,
Маған қарағанда дәусің,
Мен болсам төбемін,
Оныңа көнемін,
Бірақ, менің үстіме,
Нашар да, күшті де
Бәрі шығып, бәрі мінеді,
Алыс пен жақынды біледі.
Сен болсаң биіксің,
Тек көзге күйіксің,
Шыға қалса бұлт шығады,
Қашан осы жұрт шығады ? —
Дегенде тау күлімдеді,
— Өтірік сенің мұның, — деді,
Қойнауым қоныс емес пе ?
Ойлауым өріс емес пе ?
Бұлағым көптікі емес пе?
Қазынам жұрттікі емес пе?
Рас, мен таумын,
Табиғат тұрғызған дәумін.
Сен болсаң кешегі,
Қолдан тұрғызған төбесің,
Неге ісіп кебесің?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау мен төбе өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Тау мен төбе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау мен төбе өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау мен төбе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері