Ойнар едім

Бұл бетте «Ойнар едім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен,

Құлдыр-құлдыр құлынмен,
Ұзын мұрын піліммен,

Салпаң құлақ күшікпен,
Сақалы жоқ мысықпен,

Тікенекті кірпімен,
Тілі сүйрік түлкімен,

Тағы, тағы, тағы мен
Ойнар едім бәрімен.

Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен.

Апам маған әрдайым:
«Көп ойнама сен», – дейді.

Өзімнің де апамды
Мазалағым келмейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ойнар едім өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Ойнар едім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ойнар едім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ойнар едім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері