Кідігай (3 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кідігай (3 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1253
Кідігайға кім салар мен тұрғанда,
Бір-екі ауыз аузымда жел тұрғанда.
Қызды ауылдың сыртынан кідігайлап,
Құйысқаным сарт етер ұмтылғанда.

Қайырмасы:
Ей! Кідігай, кідігай, у-ай, шіркін-ай,
Ахау кідігай, а-хау ләйлім уа.
Шіркін, ай-ай, ау-ай!

Тойлау базар, той базар тойлай келдім,
Алтын сақа қолға алып ойнай келдім.
Жолдасым жоқ бұл тойда, танысым да,
Айтсам ба деп өзіңе ойлай келдім.

Қайырмасы:
Ей! Кідігай, кідігай, у-ай, шіркін-ай,
Ахау кідігай, а-хау ләйлім уа.
Шіркін, ай-ай, ау-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері