Бұғыбай ата үні
- 0
- 0
Биік ұстап имандықтың ар әнін,
Жолдар кезіп Меккеге сан барғанмын.
Сансыз кітап арқаладым сен үшін,
Келер ұрпақ үміт артар арманым.
Бұл бетте «Атамекен» атты Aibekkk жазған туған жер туралы өлең берілген.
Биік ұстап имандықтың ар әнін,
Жолдар кезіп Меккеге сан барғанмын.
Сансыз кітап арқаладым сен үшін,
Келер ұрпақ үміт артар арманым.
Берілмеген ішіп жеуге бұл тірлік,
Білім ізде жалықпастан ұмтылып.
Нағыз дәулет таусылмайтын бар сонда,
Жететұғын өміріңе ғұмырлық!
Қуат берген желегіне жап жасыл,
Жинақталған өн бойына бар асыл.
Құдірет бар үндерінде бабаңның,
Балдан қалған сарқыттайын сан ғасыр.
Кел, кел балам, Желтау осы жел ескен,
Көк аспанға қолын созып тілдескен.
Осы жерде мешіт салып ұрпаққа,
Білім нәрін құйдым тыным көрместен.
Ұлы сырын ұқтыратын ғаламның,
Кәусар бұлақ іздерінде бабаңның.
Ішкен сайын мейір қанып толғанар,
Тарихыңды ізде содан ұланым!
Мұнайлының кесіп өткен үстінен,
Сенің үнің балам маған естілген.
Қош келіпсің сағындым ғой жақында,
Құлыншағым танып тұрмын исіңнен.
Жадыра
Қай өңір туралы жазылған
Айбек
Атырау