Өлең, жыр, ақындар

Аралбай ақын баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1821
Қуат берген желегіне жап жасыл,
Жинақталған өн бойына бар асыл.
Құдірет бар үндерінде бабаңның,
Балдан қалған сарқыттайын сан ғасыр.
Ешбір сазға қосылып ол ауыспай,
Қос қанатты періштедей нұр ыстай.
Таңмен бірге күнде ерте оянып,
Ұрандайды Алаш деумен дауыстай.
Олар дәйім бір күрсініп далаңмен,
Сан жарысып жүйрік жетпес самалмен.
Талай түскен талқысына тағдырдың,
Қанды құйын ызғарымен салған дем!
Бар осында Әбілхайыр, Абылай,
Батыр бабаң Қаракерей, Қабанбай.
Көкжал Барақ,Райымбектей әулиең,
Қарасай мен Қанжығалы Бөгенбай!
Мәңгі өшпеске жырыменен нәр берген,
Бар осында Бұхар жырау ой өрген.
Ақтамберді, Жиембет пен Қарасай,
Қожаберген, Үмбетайлар ел ерген.
Азаттықтың аңсап өткен күн нұрын,
Бар осында қол бастаған Сырымың.
Исатай мен Махамбеттер бар мұнда,
Жәңгір ханның тілгілеген түндігін!
Жолбарысы мынау алып далаңның,
Бар осында Есет батыр қыраның.
Ту байлаған Жанқожа мен Бекет бар,
Жауға шапқан шегінбестен бір адым!
Туған елдің қорғай біліп әр тасын,
Жалау қылған Алаш атты ұранын!
Бола білген туған елге күнмен-ай,
Бар осында Кенесары, Наурызбай.
Теңдік үшін қас жауымен алысып,
Ағып түскен көктен аққан жұлдыздай!
Шыққан тегін білсінші-деп,мәңгілік,
Тау тасына тарихыңды жаздырып.
Аманатын қалдырған ғой бабалар,
Біздер үшін ерлік толы ән қылып!
Қайталаған мақтанышпен шың мен құз,
Қазақ деген еркін ойлы ұл мен қыз.
Енисейден тамыр алып далама,
Зеңгір көкке жаға білген сан жұлдыз.
Ескіменен жаңа болар сабақтас,
Онсыз әсте күнің күліп таң атпас.
Тарихыңның әрбір бетін алтындап,
Ақиқаттың ақ жолымен алға бас!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әруақты ата – Ер Қосай

  • 0
  • 0

Әруақ қонған жасынан,
Жақсылығын асырған..
Күш қуаты бойында,
Тасқын судай тасыған.

Толық

Мөңке би Тілеуұлының рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Күнде келем ескерткішің басына,
Бір ғажайып күш барындай осында.
Сырласамын Рухыңменен үн түнсіз,
Ерік беріп ұшқыр ойлар тасқынға.

Толық

Абыз аға

  • 0
  • 0

Абыз аға, асыл аға ел сүйген,
Дауыл кешіп ерліктермен есейген.
Сәуле шашып бар маңайға ақ таңдай,
Өн бойыңа қайрат жігер күш берген.

Толық

Қарап көріңіз