Ұйқыңды қишы бір түндік – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ұйқыңды қишы бір түндік» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1966
Ұйқыңды қишы бір түндік,
Сырласып сандық ашайық.
Кешірші мені еркінсіп
Бақыттан кетсем масайып.
Күлкіңді маған арнашы
Жанармен жарқын нұр шашқан.
Қолымды менің алмашы,
Беліңнен аңсай бір құшқан.
Махаббат маған сыйлашы,
Сыйлашы маған ұл-қызды.
Зорлашы, мені қинашы,
Ұстат деп айды, жұлдызды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері