Өлең, жыр, ақындар

Ау, халайық!

  • 06.04.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Мендей ұлды қалайша елемедің?
Дұрыс еді дер кезде демегенің.
Өзің үшін тер төккен бір баланың,
Біліп жүрші арам ас жемегенін.
Шырылдаған сен үшін жаным, мына
Талай тақыл сөз айттым танымдыға.
Жел сөз емес күн туса, ел басына,
Керек десең қиямын жанымды да.
Мен бәріңді, бәріңді танимын ғой!
Айтпақ болғам сендерге пайымды ой
Ес білгелі жүрегім соқты сен деп,
Мен балаңмын, ақының... Сайынмын ғой!
Ау ағайын!
Әлі менің сіздерге айтарым көп!
Неге жігіт баптайсың сайтаның тек?
Неге талап қоймайсың азаматқа
Мойындағы парызды қайтарың деп?
Маңдай термен борышты төледім мен,
Алыс қадам баспадым керегіңнен.
Қала ма деп түсінбей қара сөзді,
Өң бергенмін ойыма өлеңменен.
* * *
Мен Сайынмын ғой! —
Қазақ еткен қазақты, қаңқа сүйек —
Өмір сүрдім, сендерге арқа сүйеп
Қалайсыңдар: бабалар, аруақтар!
Қысылғанда жіберер барса, сүйеп
Содан барып өзіңе тас қалағам,
Содан менде ерекше басқа наным.
Түркістан мен Сарайшық, қарт Тараздар,
Астанасы, бас қала, Астананың.
Жыр арнадым сезімге енгендіктен,
Тас қаладым сендерге сенгендіктен.
Қойыныңа өзіңнің енем барып,
Бүгін алып кетсе де, көнгем, тіптен.
* * *
Мен Сайынмын ғой!
Ақын болып ағымнан жарылғанмын!
Ойын ұқтым абыздың, дарындардың!
Сол ойлардан тоқыдым шекпенімді,
Жаным сезді ежелден сарын барын!
Ей, ағайын!, айтпағың не демеңдер,
Жүрек жарды айтылған ойды меңгер.
Парыз емес, алданып қызарғанға,
Жүріп қалмаң қызықтап тойды сендер.
Батырыңмын қас жауың жасқанардай,
Бола алмаймын шал-шапыр басқалардай,
Балаң түгіл құрдаспын немереңмен,
Қуатым бар қамал сап, тас қалардай.
* * *
Ау, халайық!
Ақын болып ағымнан жарылғанмын!
Ойын ұқтым абыздың, дарындардың!
Сол ойлардан тоқыдым шекпенімді,
Жаным сезді ежелден сарын барын!
Бәрінді де, бәріңді танимын ғой!
Айтпақ болғам сендерге пайымды ой
Ес білгелі жүрегім соқты сен деп,
Мен балаңмын, ақының... Сайынмын ғой!
Мен Сайынмын ғой!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысыр бұлттар

  • 0
  • 0

Бұршақ шашып, шеке жарып,
Нөсерлетер бұлттар да бар.
Сол қасиет кеткен дарып,
Тау бойында ұлттар да бар.

Толық

Жұлдыз жауын

  • 0
  • 0

Жұлдыз жауып жатыр екен көлге бір,
Мажыра шақ, жайбарақат көлде өмір.
Аспан жерге қонақ бола келгендей,
Тылсым түнде — сәнді бояу, әнде нұр.

Толық

Бойжеткен арманы

  • 0
  • 0

Қандай тәтті бойжеткеннің арманы,
Елестеткен бар өмірін алдағы.
"Қиял отау" кіріп алсаң шыққысыз,
Тіршіліктің зіл салмағы алда әлі...

Толық