Жөнегендей айдында ағын жосып

Бұл бетте «Жөнегендей айдында ағын жосып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 915
Жөнегендей айдында ағын жосып,
бара жатыр далада шағыл көшіп.
Құтырынған құм боран көз аштырмай,
жайратардай жел-қанжар жаныңды осып.
Бүйрат құмдар дауылмен жағаласып,
бірін-бірі қуалап барады асып.
Тау тұлғалы кешегі ақ шағылдар
құлазыған тақыр боп қалады ашық.
Мәңгі сөнген адамдай көңіл емі,
көк аспанның түнерген өң-реңі.
Жанарынан жас төккен қара бұлттың
қабырғасы қақырап сөгіледі.
Сөгіледі, түнеріп тістенеді,
кернегендей керемет күш денені:
бытырлатып буынан кәрі аспанның
оңды-солды көздейді мыс жебені.
Біз екеуміз келеміз
іңкәрлықтың өткізбей бала күнін
/сан түйіліп, сан рет тарады мұң/
сезіміміз – даладай
құйын-желдер
жоя алмайтын бәрібір далалығын.
1977


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жөнегендей айдында ағын жосып өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жөнегендей айдында ағын жосып өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жөнегендей айдында ағын жосып өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жөнегендей айдында ағын жосып өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері