Жапырақтарын шашады

Бұл бетте «Жапырақтарын шашады» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 741
Жапырақтарын шашады
қайыңдар жел кеп қаққанда, –
көктем мен жаздың жасауын
үстiнен шешiп жатқандай.
Жел соққан сайын емiнiп
желпiнтiп ауыр ауаны.
жапырақ бiткен төгiлiп
үстiне көлдiң жауады.
Басылар сонсоң жел лебi
шорт кесiп өзiн үзгендей...
Жапырақ бiткен көлдегi
шұбырып жатқан iздердей.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақтарын шашады өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жапырақтарын шашады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақтарын шашады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақтарын шашады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері