Келес – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Келес» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 4053
Тербеді Келес бір ай сырлар айтып,
Мен оны сыйғызармын жырға қайтып.
Су мені толқынымен сылап-сипап,
Арқамды сүйе берді күн қарайтып.
Алсын деп бәрін құйып зердесіне,
Шығарды кішкене тау кеудесіне.
Жарасып жақсылардан достық таптым,
Бұйырды талай үйден жел несібе.
Тал түсте Керімсалдың отты желі,
Лебімен талай желпіп өтті мені.
Хош Келес, алдан шығар өлең болып,
Ақынның өзінде өткен кеп күндері.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келес өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Келес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Келес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері