Кешікпей Астанаға күз келеді

Бұл бетте «Кешікпей Астанаға күз келеді» атты Айжан Табаракқызы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Кешікпей Астанаға күз келеді,
Мен – бақытты, мені бақ іздемеді...
Қайыңды сүйе тұрып, жерді құшқан,
Жапырақ сияқтысыз Сіз де енді...

Баяғыдай емес қой сезім деген,
Көз ілмеген сәттерім – төзімге ем,
...Бірдеңе өзгере ме, өлең жазып
Сәл сағындым дегеннің өзінде мен?

Мезгілі жеткен күні бәрінің де,
Бұратыны белгілі – жаны кімге.
... Несіне енді күтемін күздей болып,
Несіне ойлайды екем, әлі күнге?

Сөз мүжіген шақтарды, тағатымды,
Жылап алу үшін түн жаратылды,
Жаныма батады ылғи мен мұңайсам,
Жұбатпай үнсіз ғана қалатыны.

Әйтпесе, бол деппін бе, мәңгі бірге?
Өкініш үмітімді көмді мүлде;
Сезімі өліп кеткен бұл жүректің
Керегі бола қойсын енді кімге?..

Өмірдің бәрін мұң ғып не қылайын?
Онсыз да кеудені көп жеді уайым,
Бір дұға тілеңізші, Жаратқаннан,
Оңымнан туар сонда менің де Айым...

10.08.15


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кешікпей Астанаға күз келеді өлеңінің авторы кім?

Айжан Табаракқызы — осы өлеңнің авторы.

Кешікпей Астанаға күз келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кешікпей Астанаға күз келеді өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кешікпей Астанаға күз келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері