Литва – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Литва» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Келеді жортып поезым,
Екпіндетіп бұлқына,
Алдымда Балтық теңізі,
Жағасында Литва.
Бұл жағаның халқын
Көруге кептен ынтыққам,
Білемін аздап тарихын
Гедимино, Витовтан
Балтықтың жайлап жағасын,
Шалғынды және суатты,
Орныққан село, қаласы,
Ел болыпты қуатты.
Төсін төсеп батыр ел,
Атылған жаудан оқтарға,
Берілмепті туған жер
Басқыншы, батыл тевтонға.
Баяғыда болыпты,
Бірақ, мұның бәрі де,
Бертінде ол зорықты
Таусылып қуат, әлі де.
Капиталшыл елдердің
Болып байғұс шылауы,
Қорлық-зорлық керген күн,
Үдеді еңіреу-жылауы...
Сол көз жасын құрғатты,
Тек советтік құрылыс.
Шаттық үнмен жырлатты
Жаңа дәуір, жаңа іс.
«Бейтаныс» болса кеше ол,
Отандас бүгін бауырым.
Жері маған туған жер,
Селосы туған ауылым.
Қалаларым қаласы,
Ортақпын ауа, суына.
Түр, түсіне қарашы,
Бейнелес туым туына.
Сондықтан іздеп келемін,
Көруге оны ынтыға...
Құшағын жайып қарсы алды,
Өз елім,— туған Литва!..

1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Литва өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Литва өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Литва өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Литва өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері