Ақын отыр – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Ақын отыр» атты Алма Түсіпбекова жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 814
Мұңға салып арманы мен мұратын,
Түн жамылып отыр, әне, бір ақын.
Тілім-тілім жүрегінде, жанында,
Сезімдері қайнап жатыр сұрапыл.
Тағдыры кеп тырнағанда жараны,
Ақ қағазға қан құсады қаламы.
Ақылсыздың ашылғанда араны,
Талықсиды талабы.
Жерді құшып, құлағанда жыршы-үміт,
Жүрегі оның сала берер түршігіп.
... Үлкендердің ойынына бас шайқап,
Әне, аспан тұр күрсініп.
Керек етпей досы түгіл қасын да,
Ақын отыр.
Азапты ойлар – басында.
Санасында сойқан жүрген сәттерде,
Айналады ол жасынға.
Содан кейін күйге түсіп тылсым бір,
Қанында оның қағады екен жыр сыңғыр.
...Ақын жыры!
Аспандатшы арлыны,
Көрсоқырды күрсіндір!
... Арайлы таң түн пердесін түргенде,
Құлпырады дүр-дүние бір демде.
... Ақын отыр жанын қажап.
Әйтсе де
Мәз болады өзге біреу күлгенге...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақын отыр өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Ақын отыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақын отыр өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Ақын отыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері