Жапырақтың жаназасы – Алма Түсіпбекова

Бұл бетте «Жапырақтың жаназасы» атты Алма Түсіпбекова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 582
Арқа жаққа қыс келіп,
Қатыгездік төріме озды тістеніп.
Өз мезгілі теуіп кетіп өзекке,
Күз жатқандай түс көріп.
Кездеспесе кездеспесін көп арай,
Сізге менің айтатыным жоқ, ағай.
... Тек ана ағаш қалың қарды көтермей,
Морт сыныпты.
Обал-ай!
Ал, жапырақ ажал қысып ақылын,
Дем алады баяу ғана, ақырын.
Жапыраққа жаназа-жыр оқуға,
Барар емес батылым.
Бойымда еді мәрттігіңнің дәнегі,
Есігіңіз ашық па екен, ар елі?
Бір-ақ түнде үсік шалып өлердей,
Жапырақтың не жазығы бар еді?..
Нәзіктігім түскен кезде талауға,
Айналады жаным менің алауға.
... Дәтім менің жетер емес, құдай-ау,
Жапырақтың жанарына қарауға...
Тағдыр шіркін тартады кеп түнекке,
Тіршілікте жеткен кім бар тілекке?
Дегенменен... жердегі анау жапырақ,
Ұқсайды екен жүрекке...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақтың жаназасы өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жапырақтың жаназасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақтың жаназасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақтың жаназасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері