Кім екенімді білдім
Бұл бетте «Кім екенімді білдім» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құшағым –
Тауды құшақтайтындай –
Кең едi.
Көңiлiм –
Шалқып жатқан
Көл едi.
Өлдiм.
Сөзiм –
Жартасты жарып жiберетiн.
Көзiм –
Тiк қарасам! –
Кiмдi болсын
Жағып жiберетiн.
Сөндiм.
Қазiр кiммiн?
Кiм екенiмдi бiлдiм! –
Үмiтiмдi күте-күте
Мойным
Қайырылып қалды;
Қазанға түсетiн бастай
Жағым
Айырылып қалды.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі