Қорлану
Бұл бетте «Қорлану» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Табанға салды.
Талауға түсiрдi.
Тазы қуған түлкi еттi.
Күлкi еттi.
Қаратауға
Сүйенiп жылап ем –
Қайғымнан! –
Қаратау шөгiп кеттi.
Алтай тауға
Сүйенiп жылап ем –
Қасiретiмнен! –
Алтай таудың мұң-зары
Кеудесiн керiп кеттi.
Алатауға
Сүйенiп жылап ем –
Күйiгiмнен! –
Алатаудың мұз-қары
Қорғасындай ерiп кеттi.
Атырауға
Төгiлiп жылап ем,
Ол менiмен қоса жылады.
Сарыарқаға
Егiлiп жылап ем,
Ол менен аса жылады.
Ешкiм жұбатпады!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі