Айбат – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Айбат» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 772
Мұхтар Құл-Мұхамедке

Қаhарландым! –
Бiр қолыммен
Тау шайқадым.
Бiр қолыммен
Теңiз сапырдым.
Жалын шашып,
Орман жапырдым.
Әруақтарымды шақырдым!
Бәйтеректердi
Түп-тамырымен суырып алдым.
Арыстанның аузындағысын
Жағын айырып
Жұлып алдым.
Шаптырғанда
Шүмегiн жарып жiберетiн
Балпанақтай
Ұлдар таптырдым.
Iбiлiс, жындарды
Ешкiдей бақыртып
Таудан асырып лақтырдым.
Сатқынды
Жерден алып,
Жерге тығып жiбердiм.
Қатыгез қаттыңды
Құмдай етiп
Үгiп жiбердiм.
Найзағайлар да долданып
Қара бұлттарды
Жарқылдап тiлiп жатты...
Әруақтардың сүйектерi
Жердiң астында
Шартылдап сынып жатты...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері