Опыну – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Опыну» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 727
Өз тiлiн,
Өз дiнiн бiлмейтiн
Бiреулер –
Аспаннан түскендей! –
Шалқалап жүр.
Әйелдерiм –
Албастының шапанындай! –
Ала қапшықты
Арқалап жүр.
Намысым –
Еден жуатын шүберектей! –
Босағада қалып
Тапталып жатыр.
Өзге елдер
Улы қоқысын –
Менiң жерiмдi
Шылапшындай көрiп
Ақтарып жатыр.
Мен қазiр
Мәңгiге сөнбейтiн
Өрт жұтып отырмын.
Мен қазiр
Емге көнбейтiн
Дерт жұтып отырмын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Опыну өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Опыну өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Опыну өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Опыну өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері