Алматының көшесі – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Алматының көшесі» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 936
Кей қалада, мысалы, Көкшетауда,
Тыныстауға, егер де, шықсаң тысқа:
Барар ең алаңдағы еккен бауға,
Ағашы әрі сирек, әрі қысқа.
Ал, біздің Алматыда шықсаң үйден,
Қораңның іші, көшең жыныс орман.
Ағашы биік, басы көкке тиген,
Найзадай әрі тіп-тік шанышқан қолдан.
Жаз айында, күн кейде кетсе шыжып,
Көлеңке боп тұрады кеше бойы.
Салқындау онда жүріп қандай қызық!
Шарықтап-ақ бағады адам ойы!..
Мұнда жаз, тау басында аппақ күртік.
Қыс пен жаз дос боп қапты құшақтасып.
Бұлт шөге қойыпты, бойын іркіп,
Қысқа барып тығылып, жаздан қашып.
Күн шыжытып, ерісе таудағы қар,
Сай-саладан саулайды су дүркіреп.
Сол бір шақта бұлтқа бітіп ызбар,
Қарауыта жылжиды ол күркіреп.
Тарамданған қалың бұлт келе қалса,
Жиырыла, екпіндей төбеге ауып,
Нажағайы жарқылдап найзаларша,
Қалың нөсер кетеді төге жауып.
Малшындыра жер бетін, тарам-тарам
Қалың бұлт сырғиды тауға қайта.
Мұнда жаңбыр болыпты, тауда боран,
Жотаны қар бүркепті, әне, байқа!..
Шіркін, біздің Алматы керемет-ау.
Әрі қызық тұруға, әрі тыныс!
Күте білсең өзіңді, боласың сау,
Жаның шат боп өсесің, денең құрыш!
Жалыққан кезде істен, шықсам үйден,
Жүрсем жасыл орманды көшеменен,
Жапырақтардай сыбдырлап тәтті күймен,
Шабыттана шарықтап өседі өлең!..

1948


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алматының көшесі өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Алматының көшесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алматының көшесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алматының көшесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері