Бұл бетте «Мұғалім» атты Сәбит Мұқанов жазған ұстаз туралы өлең берілген.
Ел ісін басқаратын көсем бол, сен,
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен
Батыр бол қол бастаған, тағы сондай
Салада қанша биік өсе бер, сен;
Жаса сен, қай жағдайда, қай заманда,
Әрдайым міндеттісің бір адамға;
Былайғы жақын түгіл, оның орнын
Керген жоқ басып, туған ата-анаң да;
«Мұғалім!» бұл адамның ардақты аты.
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын, жаты.
— Ар жағы иероглиф, бергі әріп
Арқылы қандай тілде, қандай халық
Хат білсе, санасына мұғалімнен
Түседі бірінші рет сәуле-жарық.
Білімнің шарлағанда талай өрін,
Жаңалық ашқан шақта нелер керім,
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды мәңгі-бақи беріп төрін.
1960
Ақерке
Өте тамаша өлең