Қазақ вальсі – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қазақ вальсі» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 15833
Май туса, гүлдер шешек атса жазда,
Тоғайда бұлбұл, көлде аққу, қаз да.
Сайраса, біз жастар да нақ солардай,
Бақытқа бөленеміз, сауық назға.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.

Сарқырап асау бұлақ ақса құздан,
Алтын күн күлімдесе көкте қызған.
Біз жастар күн нұрынан қуат алып,
Жайнаймыз жарығырақ жұлдыздардан.

Бақыт нұрға,
Оранса жер, аспан.
Біздің жыр да,
Бар жырға ұласқан.
Махаббатты жырлаймыз біз –
Жастар, жастар, жастар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері