Вильнюс

Бұл бетте «Вильнюс» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 568
Сан ғасыр бұрын кеп түскен,
Балтықтың бойын сағалап
Қаланы, жолдас Шимкуспен
Келер күн кеттік аралап.
Тамашалар көрерлік
Көп екен қала бойында:
Халқының асқан шеберлік,
Андатар тапқыр ойын да.
Көз тартқан көркем сарайдың
Келе қалсам қасына,
Басынан кешкен талай күн
Таңбасы түскен тасына.
Көргеніне халықтың
Әрбір ойы кепілдей,
Талай томды тарихтың
Бұл үйлер бір-бір бетіндей.
Беттердің бәрін асықпай
Оқып түгел "қарасақ,
Литва халқын жасытпай,
Бастаған өрге болашақ.
Бостандықтың өрінде
Тізесін талай бүгіпті.
Ақырда, туған жерінде,
Қызыл туды тігіпті.
Тігіліпті қызыл ту
Төрінде де Вильнюстің.
Жоқ енді оған жығылу,
Жетпейді әлі еш күштің.
Сүйкімді Вильнюс, бұрын сен
Күн кешсең жаудан жасқана.
Тасытып ақын сырын сен,
Көркей енді, астана!..

1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Вильнюс өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Вильнюс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Вильнюс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Вильнюс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері