Өлең, жыр, ақындар

Шәһит жесірмен жеке сырласу

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 576
«Қарағым-ай!
Қырға шығып жолына қарадым-ай!»
(Халық өлеңі)

Қай заманнан қалса да бұл ащы зар
Менің құрбым жан жарасын ашқызар.
Осылай күткен сонау соғыс кезінде
Келмей қалған қайран қыршын жасты жар.
Қарлықтырып жаңғырығы тау-шыңды,
Осылай күткен әжелер де таусылды.
Әлі есімде, еске солар түcipгeн
Жалғыз марал маңырап еткен маусымды.
Келу қиын, келмеу оңай күндерде
Көп шаһитпен қалса бipгe кім жерде,
Сол қыршынды қырға шығып күткендер
Сұм заманнан сұраған жоқ, күн бер деп.
Құн көздегі қанды жаспен төлендi,
Ол хақында жаздық талай өлеңді.
Кәpi жесір, қауышқанша тәубе де,
Сен күтпейсің, ceнi күтпек ол енді.
Қауышуға аз қалса да асықпа,
Бата қыл сен бал құйылған қасыққа.
Өз қасында ол отыр деп есепте,
Бағышталған жан дұғасын жасытпа.
Мүрдесіне жете алмайтын күш-көлік,
Алыс жерден ұшқан рух құс болып,
Қонып та жүр шаңырағына,
ашқылтым
Азық та сол бip саған ішқұсалық.
Одан қалған өciп жалғыз шаранаң,
Бақты десе әкемдей қып кәpi анам.
Ол көбейсе — баршасының қуаты —
Баяғы сол қанды жас пен қара нан.
Арың таза, зарың — қаза болғасын
Қарай-қарай қарғыс айттың жолға сұм.
Ол күн өттi,
Қайтып жүргей ұланың
Оң сапардан ойнақшытып жорғасын.
Қанды қырғын қайталана көрмесін!
Көз тікпесін дала, дария, көлге сұм!
Келер күнге көне ғасыр ылаңын
Құдай өзi терең қазып көм десін!

Мамыр, 1996 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әріптес

  • 0
  • 0

Борышым ғой, айналайын, әріптес,
Саған тілеу қайырлы таң, жарық кеш!
Бағыңа бақ, маған бола демеймін
Олжамызды ортасынан жарып кес.

Толық

Жар-қосақ жайлы баллада

  • 0
  • 0

Жаяу емес, көк сәйгүлік көлiктi
Бipey үйдің ту сыртына келіпті.
Өңің бе, әлде түсің бе — сол Төлеген
Бip өзіңе махаббатын тeлiптi.

Толық

Саламатқа

  • 0
  • 0

Ақтылы қой, көпсең түйе майталман,
Көк-алалы көп жылқыны қайтарған,
Адай-түбек — ата қоныс, Атырау!
Асылынды түгел тізіп айта алман.

Толық

Қарап көріңіз