Бимырза ата үні – Лұқпан Сисекенұлы

Бұл бетте «Бимырза ата үні» атты Лұқпан Сисекенұлы жазған ата туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1211
Берілмеген ішіп жеуге бұл тірлік,
Білім ізде жалықпастан ұмтылып.
Нағыз дәулет таусылмайтын бар сонда,
Жететұғын өміріңе ғұмырлық!
Қанағат боп әрдайымды есебің,
Жамандықтың жолаттырмай кеселін.
Ғылым шамын жаға білсең кейінге,
Еліңменен гүлдей жайнап өскенің!
Дұшпаны боп жаратылған адамның,
Надандардан сақтанып жүр қарағым,
Қайда болса нағыз өнер иесі,
Олар соның бағып жүрер қадамын.
Өмір жолы сынға толы бұралаң,
Жемқорлықпен ізгілікті торлаған.
Тойымсыздан тіптен аулақ болғайсың,
Тәкапарсып өзін-өзі тонаған!
Адамзаттың сұлулығын сәнді еткен,
Бақыт жолы басталады әдептен.
Бастауы оның Тәңір берген тіліңде,
Тіл бақпаған туған елін жүдеткен.
Тіл ұлтыңның қаны, жаны ұғынсаң,
Жүрек отың бабаң берген лағыл шам.
Ақ сүті бар онда анаңның өсірген,
Киесі ұрар қасиетін ұмытсаң!
Бабалардың қадір тұтып әр сөзін,
Қорған болып ақыл, сабыр, мінезің.
Мақсат қылған арманыңа құлшын сен,
Сүйе біліп даналықтың күн көзін.
Тамыр жайған топырағың туған жер,
Қанат жаяр кеңісітігің туған ел.
Ұмытпасаң мұның бәрін ұрпағым,
Асулардан аса аларсың талай бел!
Жаңа ғасыр бақыт беріп бәріңе,
Қыдыр қонып, ырыс келсін бәріңе.
Тілін, дінін ұран қылған ұландар,
Күнде жеңіс әкеледі еліне!
Жүректердің тербеп нәзік пернесін,
Әрбір үйді мол қуаныш кернесін.
Әнің болсын күн бесігің Кең Жылыой,
Отаныңның биіктеткен мінбесін.
Ізгіліктің жаға біліп оттарын,
Сыйға тартқан даналық ой бақтарын.
Туған елдің туы болған киелі,
Аман болсын Қаратаудай қарттарың!
Баба жолын жалғай біліп ұрпағың,
Шексіз сүйіп адалдықпен Отанын.
Сүйсіндіріп ұлттық сана намыспен,
Сәні болсын шуақ төгіп ортаның!
Ақыл жігер серік болып бақ көшің,
Мақсат қылған биіктерге өрлесін.
Тәңір өзі сыйға тартқан туғаннан,
Қаламыңның сиясы ұлым кеппесін!
Өзіңді ұғар дос көбейіп қасыңа,
Ғұмыры ұзақ жас қосылып жасыңа.
Жүрегіңнен жарып шыққан дарияң,
Мұхиттармен жатсын шалқып қосыла!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бимырза ата үні өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Бимырза ата үні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бимырза ата үні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ата туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Бимырза ата үні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері