Мұхтар аға – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Мұхтар аға» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.04.2020
  • 0
  • 0
  • 4644
Аспаның да аман, жер де аман,
Ардағым, қалған артыңда...
Баяғы далаң – сол далаң,
Дүние – көрген қалпыңда.

Келеді өсіп ұрпағың
Көктемгі гүлдей қаулаған.
Қия алмай кеткен іңкәрің –
Қарауыл, Шыңғыстау да аман.

Қалт етер емес кәрі құз,
Қырандар көкте жүр шолып...
Көзіңдей көріп, бәріміз
Келеміз жылда бір соғып...

...Осынау ұшан далада
Көрінбейді екен көптігің.
Бір сенің ғана, жан-аға,
Білінді-ау талай жоқтығың.

Ел болып түгел жабылып,
Іздедік теңіз, асқардан.
Бейнеңді сенің сағынып,
Жасадық мәрмәр тастардан.

...Мәз болып байтақ қыратың,
Ортада тұрсың гүл құшып.
Барады сенің ұлы атың
Арғымақтармен бірге ұшып.

Жиналды Шыңғыс бойына
Қиырда жатқан құрлықтар.
Келеді бүгін тойыңа
Әр үйден шығып бір Мұхтар...

Есімің кетер жыраққа,
Еске алар талай далаң да,
Ойсырап қалған бірақ та
Орныңды толтыра алар ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар аға өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұхтар аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері