Бейуақ – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Бейуақ» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 17.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1426
Қылымсиды қыли түн,
Жан жоқ оған жылитын.
У жағады көзіме,
Сілекейлі ұры ұйқым.
Көрген түсім - хикаят,
Қалам одан шикі ой ап.
Жалап шығар ұры ұйқы,
Тән деген бір - итаяқ.
Менікі осы не тыртаң?
Ой - тамызық, отын - тән,
Күн - балтасы жалаңдап,
Шығады алдан соқыр таң.
"Енді осы ғой өмір"-деп,
Өртейді бір жел үрлеп.
Тірлік - пеште түтіндеп,
Жетем кешке көмір боп.
Жинатпайды әрине еш,
Жөңкіледі фәни - көш.
Жұлдыз тісі сақылдап,
Тұрады алда Қари кеш.
Жан ағады жарамнан,
Зәр ағады санамнан.
Біз байғұсқа не сын бар,
Тас түнекке қамалған?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейуақ өлеңінің авторы кім?

Светқали Нұржан — осы өлеңнің авторы.

Бейуақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бейуақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Светқали Нұржан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бейуақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері