Ей, мұңлығым!

Бұл бетте «Ей, мұңлығым!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 924
Бір түлейін, сілкінейін,
Жалғастырып жолды қашық.
Ақ жаңбырдай сіркірейін,
Кеудемдегі шаңды басып.
Білесің ғой мән­жайымды,
Бетпақ шөлдей қалдым қаңсып.
Жібітейін таңдайымды,
Мөлдірім­ау, алдымнан шық!
Көкте жүрген кезбелердей,
Не сұрайсың көшкен бұлттан?
Жер бетінде аз ба мендей
,
Жоқты іздеумен бас қаңғыртқан?
Жата алмадым салқын белде,
Ат сауырын күн қақтырдым.
Таба алмаспын, бәлкім, мен де
Құпиясын жұмбақ сырдың.
Тағдыр бізді аяған ба,
Кейпімді кеп көрсең еді.
Ей, мұңлығым, сәл аялда,
Мүсіркегің келсе мені!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, мұңлығым! өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Ей, мұңлығым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, мұңлығым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, мұңлығым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері