Қасым Аманжоловқа арыз айту

Бұл бетте «Қасым Аманжоловқа арыз айту» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3393
Көтеріл, тұр орныңнан, сөйле, Қасым,
Өлген деп ешкім сені ойламасын!
Салса да от пен суға жаны сірі,
Мына жұрт ақындармен ойнамасын!

Жаға ма бұл жалғанда пенде көпке?
Қысылсам қолыңды соз, кел көмекке!
Тоқымдай тозып біткен лақтырып кет,
Ұлтыма жарамасам мен керекке.

Ұшқындай сенен қалған өрттен жеткен,
Жанымды менің-дағы дерт меңдеткен.
Күркілдеп көрпе астында жатқанымды,
Сыртымнан қайдан білсін өткен-кеткен?

Өлеңнің көк нөсері – өршіл, аға,
Маған да езуіңнен бер сыбаға!
Бүркіттей борандатып бір соғып кет,
Қанаты қайырылған қаршығаға.

«Барың да, бақытың да өлең еді»,
Жұлдыздай жарқыраған төбедегі.
Ақынға алтын-күміс жараспайды,
Жаратқан одан артық не береді?

Өзгеден сенің орның бөлек еді,
Кигенің жыртық-тесік кенеп еді.
Біздің де үстімізден түсер бір күн,
Бес күндік бұл пәнидің кебенегі.

«Көк бөрік, көк жағаның заманында»,
Қара бұлт үйірілді қабағыңда.
Айтқаның сенің зарлап былай қалды,
Қара жер зыр айналды табанымда.

Көз жазып көкжалдарым қайран жерден,
Атудан қалғандары айдауда өлген.
Солардың кебін киіп қалмас үшін,
Алдымен сені іздеймін майдан көрген!

Күркіреп найзағайдай бұлтты жарып,
Көрінсең қалар еді жұрт қуанып.
Намыстың сен бардағы қызыл өрті,
Майшамдай сығырайып бітті жанып.

Көбейді жылмаңдаған жаңа пысық,
Аспанға шілдің боғы барады ұшып.
Көбіміз жүргендейміз осы күні,
Қуалап қараңғыда қара мысық.

Қанатың жел тұрғызса самұрықтай,
Қалмайды қу заманның шаңы бұқпай.
Қазақтың қасіретін қайдан ұқсын,
Өскендер өзге түгіл өзін ұқпай.

Шарқ етіп шамырқанғыш, шамшыл аға,
Қайғымды мен айтпайын, сен сұрама.
Бетінің қытығы жоқ безбүйректің,
Етінен ет кессең де қан шыға ма?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қасым Аманжоловқа арыз айту өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қасым Аманжоловқа арыз айту өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қасым Аманжоловқа арыз айту өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қасым Аманжоловқа арыз айту өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері