Космодром

Бұл бетте «Космодром» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2326
Айды тартып лебімен жақындатқан,
Жер денесін отымен лапылдатқан.
Ақ вулкандай бұрқ етіп шыңыраудан,
Ала бұлт боп аспанға атып жатқан –
Космодром!
Жұлдыздармен адамды жолықтырған,
Галактика сырларын мол ұқтырған,
Планетааралық дүниенің
Жүрегіндей жердегі соғып тұрған –
Космодром!
Магния секілді жалындаған,
Ракета қанатында ағындаған,
Жер өкілін шолпанға аттандырып,
Жұлдыздардың елшісін қабылдаған –
Космодром!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Космодром өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Космодром өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Космодром өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Космодром өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері