Қырық жыл – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қырық жыл» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 902
Қырық жыл шекарадан ел өткелі,
Гуілдеп қолтығымнан жел өткелі.
Таратып қырық үйді қырық жаққа,
Ауылымнан тағдыр мені бөлектеді.
Не келіп ел басына, не кетпеді,
Белгілі бір құдайға себептері...
Сай­сайда шашылғанға болды пана
Саялы атажұрттың теректері.
Төгіліп айран­сүті шелектегі,
Босқан ел бөденедей дедектеді.
Бөрене көтереді енді бүгін
Бесікпен көшіп келген бөбектері.
Туған ел қақпаса да шетке мені,
Өксітті өмірдің сан өткелегі.
Қырық жыл – қырық жамау тірлігімді
Төзімнің тарамысы көктегелі.
Жұртта қап текеметі төріндегі,
Қырық жыл – бір туғандар бөлінгелі.
Қырық жыл басылмаған сағынышым –
Сыңсыған сыңар аққу көлімдегі.
Қырық жыл тынбай сөйлеп шер тілінде,
Домбырам дамыл таппай шертілуде.
Көре алмай жалғыз ұлын көзін жұмған,
Сарғайып шеше жатыр көр түбінде.
Асқан соң замананың зары бастан,
Бұл қазақ бері қашқан, ары қашқан.
Қырық жыл күте­күте өз әкесін,
Қыз өсті мейірімге жарымастан.
Жылдарға өкпелемен алыстаған,
Әйтеуір өлмегендер көрісті аман.
Жеткенде қырық жылғы көшпен бірге,
Ақ үрпек балапан ем әлі ұшпаған.
Сабағын өмір тіктеп сынық гүлдей,
Қырық жыл өте шықты қырық күндей.
Келгенше жер ортасы – Көктөбеге,
Кірпікті құрғата алмай жүріппін ғой...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырық жыл өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Қырық жыл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырық жыл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырық жыл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері